Басып шығару
Қаралды: 222

Құрметті ата-аналар! Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі Сізге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы №254 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары туралы хабарлайды.

Ережеге келесі толықтырулар енгізілді:

- мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар жеңілдетілген санатқа енгізілді;

- балабақшаға жолдама алу үшін бірінші кезекте өтініш берушілерге 3 жұмыс күні ашылады.

Мектепке дейінгі ұйымға қабылдау кезінде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты нысан бойынша баланың денсаулық паспорты, баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін) шектеу іс-шараларының алынуына қарай ұсынылады.

Сондай-ақ, балабақшаларда 1000-нан астам бос орын бар екенін хабарлаймыз.

Назар аударамыз: мектепке дейінгі ұйымға қабылдау кезінде баланың жасы оқу жылының басындағы толық жас жағдайы бойынша ескеріледі.

Егер Сіз баланы балабақшаға орналастырғыңыз келсе, жолдаманы «INDIGO-электрондық балабақша» автоматтандырылған жүйесі indigo.kst-goo.e-orda.kz. веб-порталында алуға болады.