Басып шығару
Қаралды: 198

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ ата-аналарға балабақшаларда 1000-нан астам бос орын бар екендігіне назар аударады.

Егер Сіз баланы балабақшаға орналастырғыңыз келсе, жолдаманы «INDIGO-электрондық балабақша» автоматтандырылған жүйесі indigo.kst-goo.e-orda.kz. веб-порталында алуға болады.

Назар аудараңыз: Баланың жасы оқу жылының басында ескеріледі.

Мектепке дейінгі ұйымға қабылдау кезінде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты нысан бойынша баланың денсаулық паспорты, баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін) шектеу іс-шараларының алынуына қарай ұсынылады.