Басып шығару
Қаралды: 198

2020 жылдың 15-16 қыркүйегінде қашықтықтан онлайн-платформада «Табиғатты аяла» атты  жас өлкетанушылардың, экологтар мен натуралистердің  Республикалық форумы өтті.

Форумның негізгі мақсаты - оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.

 

Қостанай облысынан жас өлкетанушылардың, экологтар мен натуралистердің «Табиғатты аяла» Республикалық форумында қалалық және облыстық деңгейдегі конкурстық іріктеуден кейін физика — математика лицейінің 8 «Б» сынып оқушысы Русин Глеб «Қала көшелері» деген атаумен (Қостанай қаласының жолсілтемесі) қатысып, «Туған өлке тарихы» номинациясында 1 орынды иеленді. Жобаның ғылыми жетекшілері: «ФМЛ» ММ тарих мұғалімі Н.В.Ковальчук және «ФМЛ» ММ информатика мұғалімі Н.В. Немцова.

Сіздерді лайықты жеңісіңізбен құттықтаймыз, қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмауға, әрдайым алға ұмтылуға, кез келген шыңдарды бағындыруға тілектеспіз.

1м