Басып шығару
Қаралды: 164

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мазмұны жаңартылуда, ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға жаңа тәсілдер енгізілуде. Білім беруді жаңарту жағдайында мектеп жасына дейінгі педагогтер мектепке дейінгі ұйымда білім беру мен оқытудың сапасын қалай көтеру керек деген мәселеге тап болды.

Республикалық «Заманауи білім» журналының беттерінде (№ 2, 2020 жыл) мектепке дейінгі білім беру секторының басшысы К.Ж.Уразбекова қаланың мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру мен оқытудың сапасын қалай көтеруге болатындығы, мектепке дейінгі ұйымның педагогы қандай болу керектігі туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

Мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кабинетімен құрылған «Көшбасшылық мектебі» инновациялық жобасы Қостанай қаласы педагогтарын оқытудың мазмұнын, нысандарын, әдістері мен тәсілдерін жаңарту қажеттілігінен туындады. Бұл жоба мектепке дейінгі ұйымда заманауи педагогтың жұмысын ұйымдастыруға деген жаңа көзқарасты білдіреді.